ҚР ИДМ Түркияда жүрген қазақстандық туристерді сақтық шараларын сақтауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті Түркияда жүрген қазақстандық туристерді сабыр етіп, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

«Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2016 жылдың 25 қазанында Түркияның Анталия қаласындағы Сауда-өнеркәсіп палатасы ғимаратының жанында жарылыс болған. Қаза болғандар мен жараланғандар туралы әзірге анықталған ақпарат жоқ.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті Түркияда жүрген қазақстандық туристерді сабыр етіп,  сақтық шараларын сақтауға, халық көп шоғарланған жерлерге бармауға және жергілікті биліктің талабын орындауға шақырады.

ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті туризм бойынша жағдайды бақылап, ҚР Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста болады», - деп жазылған хабарламада. 

 

Соңғы жаңалықтар