Қостанайлық жылжымайтын мүлікті сатушыларды ғаламтор арқылы тонады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда бір тәулік ішінде жылжымайтын мүлікті сату бойынша үш бірдей алаяқтық орын алды. Жапа шеккендердің шотынан алаяқтар ең көбі 330 мың теңгені жымқырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жапа шеккендер алаяқтарға өз банк карталарының номерін хабарлағаны аталып өтілді.  Алаяқтар қалай ақша аударып алғаны анықталып жатыр. Полицейлердің ақпаратынша,  алаяқтар өздерінің ықтимал жапа шегушілерін жылжымайтын мүлікті сату сайттары арқылы тапқан.   

«Олар сатушы-хабарландыру авторымен байланысқа шығып, баға туралы келіседі. Сондай-ақ ол алдын ала төлем жасайтынын айтып, ақша аудару үшін сатушыдан банк картасының номерін айтуды сұрайды. Осылайша алаяқтардың арбауына Қостанайдың үш тұрғыны түсті, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. - Жапа шеккендер картасына ақша түсудің орнына өздерінің қаражатының жоғалғанын байқаған. Олардың шоттарынан 20 мыңнан 330 мың теңгеге дейін ақша алынған».

Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК 190 бабы 1 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер қостанайлықтарды жылжымайтын мүлікке қатысты келісімдерде абай болуға шақырды. Өз шоттардың номерін бейтаныс адамдарға айтпауға, барлық операцияларды заңгер мен  нотариустың қатысуымен жасауға кеңес берді. 

Соңғы жаңалықтар