Қор биржасындағы күндізгі доллар бағамы өзгермеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 337,64 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 40 950 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуроның орташа сараланған бағамы бір еуроға 378,50 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 100 мың  еуроны құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте ұсыным болмаған жағдайда,  сұраным 380,50 теңгені құрады;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2986 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 28 400 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,37 теңгені (-0,41) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 94 550 мың (-150 400 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,4733 % құрады, сауда-саттық көлемі - 244 400 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте   сұраным +12,6000 % құрады, ұсыным - +12,0000 % құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар