Көктайғақтан Қарағандыда бірнеше автобус соқтығысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда куәгерлер Шахтерлер даңғылында қоғамдық көліктердің апатқа ұшырауына қатысты видео жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде пайда болған музыкалық сүйемелдеуі бар видеоролик авторы көктайғақ салдарынан болған апатқа күле қарады. Тіпті оған кеңестік фильмнің өлең шумақтарын да қосып қойған. Осылайша, автор жүргізушілерге жолда ара қашықтықты сақтау керектігін меңзеді.

Тақырыпты пікір жазғандар да іліп әкетті. «Жақсы тіркеме пойыз шықты», «Ара қашықтықты сақтамай, бір-бірін ізіне түсті», «Автопарк жиыны», - деп жазды әлеуметтік желілердің пайдаланушылары.

«Тіркеме» деп аталған жол-көлік оқиғасында бірнеше автобус бір біріне сүзе тоқтаған.    

«Екі автобустың соқтығысуына қатысты ҚР ӘҚК 610-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.  Бір жолаушы жапа шекті. Ол жеңіл жарақат алды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Аталған бап бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе тоғыз айға көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған.


 

Соңғы жаңалықтар