Көкшетаулық Хатшыбай - ұлттық бұйымдар шебері

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы ақмолалықтарды еңбекке тартып, өз ісін бастауға немесе қайта даярлық курстарынан өтіп, түрлі кәсіпорындар мен мекемелерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға едәуір септігін тигізуде.

Осы орайда, Бұланды ауданындағы еңбекпен қамту орталығы бағдарламаны жүзеге асыруға тікелей атсалысып отыр. Бағдарламаның бір артықшылығы жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық берілгені тағы бар. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына белсене атсалысып, басымдыққа ие болғандардың бірегейі Никольск ауылының тұрғындары еді. Солардың бірі - Моңғолиядан тарихи отанына оралған Бекей Хатшыбай деген азамат. Ол атамекеніне келгелі қол қусырып отырмай, өз кәсібімен айналысты. Никольск ауылында шеберхана ашып, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасауда. Қазір оның қолынан шыққан бұйымдар тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болуда.

«Ұлттық киімдер тігуге тапсырыс көбейді. Осы орайда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының берері мол дер едім.  Осы бағдарламаның арқасында өз ісімді ашып, кәсібімді дөңгелетудемін. Қазіргі кезде, сүйікті ісіммен айналысып отырғаныма қуаныштымын. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын табысты қарсы алғанымызға шүкіршілік етемін»,-дейді жеке кәсіпкер Бекей Хатшыбай.

Қазақта «ниет қойған адамға жеке кәсіппен айналысуға ешқандай кедергі жоқ» деген аталы сөз бар. Бұған Бекей Хатшыбайдың кәсібі айқын дәлел. Шеберхана сыртынан қарағанда жұпыны жекеменшік үйлердің бірі, ал ішіне енгенде, жаңа тігілген ұлттық киім-кешек пен төсеніштің бірнешеуі бірден көздің жауын алады. Мұнда тігін машиналары зырылдап, тоқтаусыз жұмыс істеуде. Шағын бөлмеде қаз-қатар тізіліп қойылған аяқ-киімдер мен ілулі тұрған ұлттық киімдер, әдемілеп жиналған түрлі төсек орындар осындағы өндірістің біршама қуаттылығын аңғартқандай. Өтпей жатқан өнімдер дейтіндей емес, дайын өнімді сатып алып жатқандарды да кездестірдік. Олар әсіресе, қыз ұзату, келін түсіру сияқты ұлттық нақышта өтетін той-томалақтарда жиі пайдаланылатындықтан, тұрғындар тарапынан сұраныс мол. 

null 

Суретте: Тігінші Бәтима Әди кестелі көрпелер тігіп, шеберхана өнімдерінің түрін көбейтуде. Ол бұған дейін жұмыссыз жүргендердің бірі еді. Бала кезінен үйренген ісі бүгін қаражат табуға септігін тигізуде.

null  

Ауыл тұрғындары арасында Хатшыбай тіккен аяқ киімдер, көйлектер жоғары сұранысқа ие. 

Гүлден Бекей кергішке тартылған матаға кестелеп ою салғанда қимылына көз ілеспейді. Оның қолынан шыққан бұйымдар қазақи дәстүрмен ұзатылған қыздардың жасауына қолданылуда.

null 

Шебер тігіншілердің бірі Мануара Асқар. Бұл шеберлердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы көрпелер, жастықтар, көйлектер Астана қаласында да сұранысқа ие.  

null  

Қазір шеберханада Хатшыбаймен бірге екінші етікші -Қуаныш Ниязбек жұмыс істеуде.

Хатшыбай Бекей бүгінгі күні «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы өз ісін сәтті бастап, табысқа кенеліп отырған қандастардың бірі. 

null 

Соңғы жаңалықтар