Көкшетауда қайырымдылық аукционынан түскен 1,2 млн теңге науқас үш балаға бөлініп берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола Ассамблеясының қолдауымен, Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық аукционы өтті, деп хабаралайды «ҚазАқпарат» ХАА-наң тілшісі.

Аталған шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысты. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық жалпыұлттық «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық аукционынан түскен қаражат ауыр науқасқа шалдыққан балалардың емделуіне жұмсалмақ. Ералы Жұмабек, Әлиасқар Әміржанов және Жанель Бейсенова сияқты балалары ауыр науқасқа шалдыққан жандары жаралы ата-аналар үшін мұндай қайырымдылық шарасының мәні зор.

Аукцион барысында облыс орталығында балалар көркемсурет мектебінің, дарынды балаларға арналған оқыту-әдістемелік орталығының, колледждердің оқушыларының шығармашылық жұмыстары аукционға қойылып, сатылды. Бұл орайда, ең көп шығармашылық жұмыстарды сатып алған «Алтынтау-Көкшетау» акционерлік қоғамы болды. Сол сияқты облыстық басқармалардың мамандары да аукционға қойылған балалардың шығармаларын сатып алды.  

Аталған шара соңында 1 201 575 теңге ақша жиналып, үш баланың ата-анасына бөлініп берілді.

«Жүректен жүрекке» аукционының соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қатысушыларға ақ алғысын білдірді. Әлі де жоғарыда аталған балалардың шотына аудандардан, түрлі мекемелерден қаражат түседі деп күтілуде. 

Еске сала кетейік, былтырғы жылы ұйымдастырылған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясында 3 жарым миллионнан теңгедей қаржы жиналған болатын. 

Соңғы жаңалықтар