«КазМұнайГаз Өнімдері» қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ 2,2 млрд теңге жымқырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Астана қалалқ департаменті «КазМұнайГаз Өнімдері» қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топқа қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады.

Олар заңсыз жанар-жағармай талондарын шығару арқылы жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асатын бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.

2012 және 2015 жылдары аралығында бас менеджер Есләмова Д. бас маман Жақсымбетова Д., менеджер - Түсіпов А., және Ахтыбаева Е.-мен алдын ала келісімге тұрып, 15 жеке тұлға алдында қарызбыз дегенді ойлап табады. Кейін алынған жанар-жағармай заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға 5-10% жеңілдікпен сатылған.

Белгілі болғандай, оңай жолмен табылған ақшаға қымбат көліктер, Астананың элиталық жерлеріндегі тұрғын үй және коммерциялық ғимараттар сатып алынған. Қазір оларға тоқтам салынды.

Күдіктілер Еслямова Д., Түсіпов А., Ахтыбаева Е. және Жақсымбетова Д. кінәсын толық мойындады.

Соңғы жаңалықтар