Қазақстанның Ұлттық банкінде теңге салымдар ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикада теңгемен активтерге сенімнің қалпына келуінің және депозиттердің долларлануы төмендеуінің оң үрдісі байқалады. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Өскеменде өткен «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумында мәлім етті.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, халықтың және кәсіпорындардың қандай да бір валютаға деген басымдық беруі өзгеріп жатыр, теңгедегі салымдардың қарқынды өсуі байқалады. «Бұған Ұлттық банктің теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру бойынша шаралары себеп болды» деп түсіндірді ол.

Қазақстанда 2016 жылғы ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемесі 10%-дан 14%-ға дейін артқанын және шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелер 3%-дан 2%-ға дейін төмендегені белгілі.

 

Соңғы жаңалықтар