Қазақстандық математик Үржарда иен қалған жерді жасыл алқапқа айналдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Алматыдан математик Асқар Ізімғалиев үржарлық 300 га қараусыз жерді тамшылатып суару технологиясын қолданып, соя бұршағы алқабына айналдырды. 2011 жылы құрылған «Батуа» шаруашылығы осы жылдары 7 мың гектардан астам жер игерді, ол жерде сонымен бірге бидай, күнбағыс, жүгері және сұлы өсіріледі. Бұдан басқа, «Батуаның» басшылары құбыр өндіретін зауыт салды, 5000 жұмыскерге арнап вахталық кент құрды, онда асхана, қонақүй, жатақхана бар, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін заманауи база да салынған.

Өткен жылы құны 3 млрд. теңгеден асатын «Батуа» компаниясының бұл жобасы ҚР Индустрияландыру картасына енді. Кәсіпкерлер бір жарым млрд. теңге игерді, шетелде шығарылған 16 суару жүйесі мен тамшылатып суару жүйесін сатып алып, орнатты.

Асқар Ізімғалиев «Соя алаңында» тікелей суармалы жерді дамыту жөніндегі республикалық семинарға қатысушыларды «Батуа» шаруашылығындағы жаңа технологиялармен таныстырды. ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев пен өңір әкімі Бердібек Сапарбаевқа «соя алаңы» маусымына 7 рет суаруды талап етілетінін айтты. Бір дизель моторы 100 гектарға су арнасынан тамшылатып суару жүйесі үшін су тартады, мұнда 300 га. тамшылатып сурау арқасында соя өнімділігі өте жоғары (40 ц/га-ға дейін) алқапқа айналғандығын жеткізді.

Қазір шаруашылық электр беру жүйесін салуда, себебі электр желісі ауыл шаруашылығы алаңына жетіп, суару қондырғыларының дизель отынына шығынды үнемдеуге көмектесуі тиіс. Жолдарды асфальттау қолға алынуда. Асқар Ізімғалиев «соя егісі» 5 мың гектарға ұлғайса, қайта өңдейтін кәсіпорын салуды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Ылғал жеткізу ретінде жаңбырлатып суару пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жерінің тиімділігін ұлғайтудың екінші тәсілі де «Бақ-Тур» шаруашылығында семинарға қатысушыларға көрсетілді. Компанияның инвесторлары мен құрылтайшылары Әділет Төлеубаев пен Евгений Лягавин соя өсірумен бірінші рет айналысып жатқандығын айтты. Алты түрлі сұрыпты және өсу мерзімімен соя егілді. Өсімді жинап алғаннан кейін қай түрін қалдыру керектігі белгілі болмақ. Әділет жаңбырлатып сурау жүйесін таңдағанын айтты, өйткені қондырғы ұтқыр, ылғалды терең сіңдіреді, энергия үнемдейді (1 гектарға 30 литр ЖЖМ), сонымен бірге неміс технологиясы қолданылады. Барлық сұрақтар бойынша оларға неміс мамандары кеңес береді. Лизингке техниканы «ҚазАгроқаржы» берді, жеке салымы 850 млн. теңгеден жоғары.

Қай суару жүйесі тиімді? Не кедергі, қандай проблемалар бар? Бұл әңгіме Үржар ауданының «Көлденең» ауылында «Суармалы жерді одан әрі дамытудың жай-күйі мен міндеттері туралы» семинар-мәжілісте жалғасын табатын болады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селихановтың айтуынша, «тамшылап суару құрылғысы ең тиімдісі. «Жаңбырлатып суаруда» ылғал буланады, дәстүрлі «механикалық» суаруда булану 98 пайызға жетеді», - деді ауыл шаруашылығы ведомствосының басшысы. Ол сондай-ақ Шығыс егіншілікпен айналысуға тәуекелді аймақ болып табылады, әрі «2 жыл болды, табиғат өңір аграршыларын құрғақшылықпен сынауда», сондықтан сурамалы технологияны барлық жерге енгізу мәселесі өзекті. Соңғы 3 жылда суармалы технологияны енгізуге ел бюджетінен 3,4 млрд. теңге бөлінді, бұл шығысқа суармалы жер алаңын 22,1 мың гектарға ұлғайтуға және оларды 90 мың га-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Қосымша 115 мың га айналымға енгізілмек. Суармалы жүйені енгізу бойынша алда келе жатқан өңір - Үржар ауданы.

«Біз тамшылатып суаруды құптаймыз. Иә, ол қымбат, алайда мықты әрі тиімді», - деп сөзін түйіндеді Д. Селіханов.

Суармалы ауыл шаруашылығы жерлерін ұлғайту жайлы әңгіме конструктивті пішінде жалғасты. Фермерлер жобаның жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме дайындау негізсіз қымбат - көбінесе ол жобаның жарты құнын алып кететінін алға тартты. Кейбір аграршылар судың қымбаттығына шағымданды, енді бірі су арзанға түсетін түнде суаруды ұсынды.

Өз кезегінде, өңір әкімі Б. Сапарбаев аграршыларды «шетелдіктерден және отандық жас фермерлерден еңбекті ұйымдастыруды, кәсіби біліктілікті үйренуден именбеуге шақырды. «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы 50 пайызға дейін субсидия алуға мүмкіндік береді, халықты ояту қажет.

Неліктен жекелеген шаруашылықтарда жүгері екі метр биік болып өседі, ал кейбірі қиын деп шағымданады. Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудандарында суармалы жер пайдаланылмайды, бірнеше метр жерде Ертіс ағып жатқан Глубоковское ауданында Ертіс өзенін пайдалануға болса да, бірде-бір га суармалы жер жоқ. Бүгінде салымсыз-ақ пайдалануға болатын жерлер жетіп асады, тек қимылдап жұмыс істеу қажет, - деді ауыл шаруашылығы мүмкіндіктерін тізген өңір басшысы. Ол апталық мерзімде бастапқы іс-әрекеттердің нақты кестесімен осы мәселеде бар проблемалардың толық талдауын дайындауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар