Қазақстандық контрабандашы бірқазан бастарын алып өтпек болғаны үшін 10 жылға сотталуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы Ресейге жалпы құны 6,8 млн рубльден астам сомаға бағаланған сирек кездесетін құстың кептірілген 70 басын заңсыз алып өтпек болғаны үшін сот алдында жауап береді.

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады ТАСС Батыс-Сібір көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

«Тергеу нұсқасы бойынша айыпталушы Қазақстан Республикасы аумағында белгісіз біреуден РФ Қызыл кітабына енгізілген түріне жататын бірқазан тұқымдас құстардың кептірілген басын сатып алған», - делінген хабарламада.

Қазақстан азаматына қатысты РФ ҚК 226.1-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыптау қорытындысын Рубцов көлік прокуроры бекітіп, іс Алтай өлкесінің Третьяковский аудандық сотына жіберілді. Ер адам 10 жылға сотталуы мүмкін. Баптың санкциясы 1 миллион рубльге дейінгі мөлшердегі айыппұлды көздейді.

Еске салсақ, өз көлігімен Ресейге құстың басын алып өтпек болған ер адамды Ресей ФҚҚ Алтай өлкесіндегі Шекара қызметінің  қызметкерлері мен Алтай кеден қызметінің жедел қызметкерлері ұстады. Оның қолында үш жол сөмкесі болған.

Соңғы жаңалықтар