Қазақстанда тұңғыш рет жылқылардың шоу бағдарламасы өтпек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 8-9 қазанда елімізде тұңғыш рет алматылықтар мен қала қонақтары үшін ауқымды шоу бағдарлама өтпек. Аталған мерекелік бағдарлама алдында ұйымдастырушылар асыл тұқымды жылқыларды тамашалау үшін тау бөктерінде БАҚ өкілдерінің басын қосты.

Атқұмар жандар үшін ұйымдастырылып отырған отбасылық мерекеде театрландырылған көрініс, қалпына келтірілген тарихи жәдігерлер, алматылық суретшілердің тақырыптық туындылары қойылмақ. Сондай-ақ, балаларға арналған арнайы бағдарламалар болады.

Шараны Алма-Арасан сайында орналасқан «Chamberlain» жылқы клубының меншікті иесі «KazEqui - 2016» ұйымы ұйымдастырып отыр.  

null null null      

«Chamberlain» клубының жетекшісі Марина Буканова жылқы шоуының мақсаты  қазақстандықтарға ат баптаудың соңғы жетістіктері - жылқымен қарым-қатынастың жаңа үлгісін таныту екенін айтты. 

«Біздің клуб 2011 жылы құрылды. Клубтың атқорасында 50 жылқы бар. Біздің клубтың өзге жылқы клубтарынан айырмашылығы мұнда аттарға ерекше күтім жасалады. Сондай-ақ, айына 100-ге жуық баланы атқа мінгізіп үйретеміз. Бұл арада иппотерапия (көне грек сөзі - «hippos» - жылқы, жылқымен емдеу - автор) туралы айта кеткен орынды болар. Даун, 1-2 деңгейдегі омыртқаның қисаюы, аутизм секілді дертке шалдыққан балаларды жылқыға мінгізіп емдейміз», - дейді Марина Буканова.

null null null 

Сонымен қатар, ол жылқыға мінуді үйрететін жаттығу сабақтары өтіп тұратынын айтты.

Клуб ветеринары, ат баптаушы, сейіс Мария Сытникованың  клуб қорасындағы асыл тұқымды жылқылармен журналистерді таныстырды.

«Ертеңгі шоуда біз асыл тұқымды жылқыларды көрсетпекпіз. Бізде, райд-пониден бастап, араб, ахалтеке, ағылшын, қазақ-ағылшын тұқымдары бар. Жылқылардың дені Еуропадан әкелінген»,  - деді Мария Сытникова. 

Ұйымдастырушылар алдағы өтетін шара ауқымдылығымен ғана емес, түрлі асыл тұқымды жылқыларды таныстырумен есте қалмақ деп сендіріп отыр.  

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар