Қазақстанда нарықтың қатаң олигополиялық құрылымы қалыптасты - Жұманғарин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда нарықтың қатаң олигополиялық құрылымы қалыптасты. Бұл туралы бүгін Астанада «Нарықтық билікті айқындау және картельдерді тергеп-тексеру әдістері» тақырыбындағы конференцияда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.

«2015-2016 жылдары біз 71 тауарлық нарыққа талдау жүргіздік. Ол не көрсетті? Тауарлық нарықтардың 4,3 пайызы орнықты шоғырланған және 95,7 пайызы жоғары түрде шоғырланып отыр. Отын энергетикалық кешеннің нарықтарында 48,5 пайыз, өнеркәсіптік бағытта 17,6 пайыз, агроөнеркәсіптік кешенде - 16,2 пайыз, қаржы - 8,8 пайызды, сондай-ақ басқа нарықтарда 8,8 пайызды құрап отыр. Бұл нені білдіреді? Атап айтқанда, бүгінде бізде нарықтың қатаң олигополиялық құрылымы бар және осы нарықтарға кіру үшін елеулі кедергілер байқалды. Сондықтан да осы нарықтарға жасалған талдау нәтижесі бойынша экономикалық үдерістерді реттеудің тиісті шараларын қабылдау қажеттігі туралы 16 ұсыныс енгіздік»,-деді С. Жұманғарин.

Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері: нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес; Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады. Олигополиялық нарықтың басты сипаты - фирмалар бір бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.

Соңғы жаңалықтар