Қазақстанда мемлекеттік шекараны мектеп оқушылары да күзете бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің шекарасын қорғау ісіне мектеп оқушылары да қолғабыс етуде.

«Хабар-24» телеарнасының хабарлауынша, Сарыағаш ауданында шекарашылардың жас достары қозғалысы қайта жанданған. Қазіргі таңда үйірмелер мектеп жанынан құрылып, онда оқушыларды әскери қызметке баулуда. Халық белсенділеріне тіпті арнайы куәліктер де берілген.

Жасөспірімдер болса, шекара заңдарын бұзушыны ұстауға қолғабыс етуде. Бірде шекара маңында күдікті адамды көрген оқушылар бұл ақпаратты ересектерге жеткізген. Нәтижесінде ауыр қылмыс жасағаны үшін Интерпол іздеп жүрген қылмыскер қолға түсті.

Тағы бір оқиға Қапланбек ауылында болды. Мектеп оқушысы белгісіз азаматтың заңсыз шекара асқалы жүргенін байқап қалып, дереу қажетті жерге хабар берген. Бұл заң бұзушы да ұсталды.

«Бүгін біз жасөспірім шекарашыларға куәліктерін бердік. Бұл - өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Біздің жауынгерлеріміз әрине, қашанда сақ. Алайда, бізге балалардың да көмектесуге дайын екендіктерін көріп отырмыз. Ендеше олардың ниеттерін неге қабыл алмасқа. Біз олармен бірге өте көп патриоттық шаралар ұйымдастырамыз», - деді шекара комендатурасы комендантының орынбасары Ғалымжан Әбенов.

Соңғы жаңалықтар