Қазақстанда әскери борышты өтеуді екі жылдық мерзімге қайтару мәселесі қаралуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметті өтеу мерзімін арттыру туралы мәселені қарастыруда. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына аталған ведомство өкілдері хабарлады.

«Қазіргі кезде Қазақстанның Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет уақыты заңнамаға сәйкес 12 айды қамтиды. Бір жылдық мерзімді әскери қызметке қазақстандық әскер 2007 жылы көшкен болатын. Аталған қадам Қазақстан армиясын кәсібилендірудің қарқынды үдерісіне ілесті. Бүгінде ҚР Парламенті депутаттарының мерзімді әскери қызметті өтеу мерзімін арттыру туралы бастамасы Қорғаныс министрлігінде қарастырылып жатыр»,-деп атап өтілген ведомствоның мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 16 қыркүйекгінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева әскерде екі жылдық мерзімді қызметті қайтару ұсынысын жария еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар