Қазақстан жасыл экономикаға ықпал ететін заңды қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылғы 12 желтоқсанда Париж қаласында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 21-ші тараптар конференциясының қорытындысымен Париж келісімі қабылданды. Қазақстан келісімге 2016 жылғы 2 тамызда қол қойды. Бұл ағымдағы жылдың 5 қазанында Париж келісімінің күшіне енуі үшін қажетті шарттарға қол жеткізіліп,  қазіргі таңда аталған келісімді жалпы шығарындылар жиынтығы 60 пайыздан асатын 86 ел ратификациялады», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, Париж келісімі жаһандық орташа температура өсімін индустрияға дейінгі деңгейден 2 градустан төменірек деңгейде ұстауға, парникті газдар шығарындыларын төмен деңгейінде климат өзгеруінің қолайсыз әсерлеріне бейімделу және әлсіздіктің төмендеуіне негізделеді.

Бұл келісім жаһандық орташа температураның жоғарылауына жол бермеу бағытында жұмыс істеу, жасыл экономикаға қаржы көздерін көптеп тарту секілді негізгі мәселелерді қамтып отыр. Келісім аясында әрбір тарап ұлттық деңгейде айқындалған жоспарлы жүйелі үлесі туралы хабарлап, оны орындайды. 5 жылда бір рет елдер ұлттық деңгейде анықталатын кезекті үлестерін айқындайды.

«Қазақстан 2015 жылғы қыркүйекте 2030 жылға дейінгі мерзімде базалық 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдар шығарындыларын шартсыз түрде 15 пайызға және шартты түрде 25 пайызға қысқарту міндеттемесін жариялады. Ұсынылған үлестерге қол жеткізу Париж келісімімен заңды түрде міндеттелмейді. Олар ерікті негізде орындалады және хатшылықтың ашық тізілімінде жарияланады», - деді Қ. Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар