Қазақстан өзін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге әзірге дайын емес - Энергетика министрлігі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан өзінің мұнай өңдеуші зауыттарын жаңғырту жұмыстарын аяқтамайынша, елді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете алмайды. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дизельді отынға келетін болсақ, бізде ылғи Қазақстан өзін мұнай өнімдермен қамтамасыз ете алады ма?, деген мәселе туындайды. Бүгінгі таңда біз елдегі мұнай өндіруші зауыттарды жаңғырту жұмыстарын аяқтамайынша, оған дайын емеспіз. Бензин бізде 1 миллион тоннаға жуық, алайда, біз бұл отынды сырттан тасымалдауға мәжбүрміз. Бірінші кезекте Ресейден әрине. Ал, дизельді отын шамамен 500-600 мың тонна»,-деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның сөзіне қарағанда, жаз мезгілінде Ресей мен Қырғызстан арасында мұнай өнімдеріне қатысты үлкен айырмашылық пайда болды. Мырзағалиевтің сөзінше, дизель отынын мемлекеттік реттеуден алып тастау мәжбүрлі түрде, алайда, дұрыс қабылданған шешім болды. Өйткені, зәрулік өте зор болуы мүмкін еді.

«Еліміздің көптеген аймақтарында дизельді отын жеткіліксіз. Жағдайдың осылай бола тұрғанынан қарамастан, үлкен желілерде ол толығымен жеткілікті. Бұл жерде үлкен желі деп біз ҚМГ, Гелиос және Sinooil сияқты компанияларды айтып отырмыз. Олар дизельді отынмен қамтамасыз етілген. Өйткені, біз олардың барлығын жинап алып, дизельді отынның барлығына бірдей жетпеуі мүмкіндігін ескерттік. Оның үстіне егін ору жұмыстары қызған шақ. Сол себепті біз желідегілердің барлығына Ресейден отын сатып алу керектігін айттық. Алайда, біздің бұл ескертпемізге барлығы бірдей назар аударған жоқ. Соның салдарынан жанармай құю стансаларында біршама зәруліктің болғаны да рас»,-деп нақтылады вице-министр.

Оның пікірінше, Қазақстан қазір тығырықтан шығып келеді, ең күрделі деген уақыттар артта қалды.

Соңғы жаңалықтар