Қазақстан Н. Назарбаевтың көшбасшылығымен барлық сын-қатерлерге төтеп береді - Яо Пейшэн

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Н. Назарбаевтың көшбасшылығымен барлық сын-қатерлерге төтеп береді. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың халықаралық форумында ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Елшісі Яо Пейшэн мәлім етті.

«Қазіргі кезде жаһандық дағдарысқа байланысты экономикада кейбір қиындықтар бар, алайда Қазақстан халқы кез келген сын-қатерлерге төтеп бере алатыны анық. Өйткені, Қазақстанда халқында түрлі сынақтарды өткерген, тәжірибелі көшбасшы Президент Назарбаев бар. Қазақстан жүріп өткен жол жалпы барша ұлттың жетістігі. Бұл біздің буынның және болашақ ұрпақтың да тақырыбы»,-деді Яо Пейшэн.

Сонымен қатар Елші өз сөзінде 1993 жылы Н. Назарбаевпен кездескеннен кейін ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминьнің Қытайдың Сыртқы істер министрлігі қызметкерлеріне айтқан сөзін жария етті. «Президент Назарбаев - парасатты адам. Біз ұзақ пікір алмастық. Ол өңірлік және халықаралық ахуалды өте жақсы білетін адам. Менімен мемлекеттік басқару тұжырымдамасымен бөлісті. Қазақстан - біздің үлкен көршіміз. Осы елдің ішкі даму үдерісіне қарап отыруымыз керек. Ортақ мүдделерді ескере отырып, біз бұндай басшымен міндетті түрде достасуымыз қажет», - деген  екен Цзян Цзэминь.

Қазақстанның табысты дамуы жолына тоқталған елші, бұл тұрғыда табиғи ресурстар даму факторларының тек бірі саласы ғана екенін атап өтті.

Сөз соңында Яо Пейшэн Қазақстанның 25 жылдағы жетістіктері туралы айта келе, Қазақстанның Президенті үнемі елдің қауіпсіздігін, ішкі тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті негізгі мақсат ретінде қойып отырған ұлағатты саясаткер екенін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар