Қазақстан құрамасы Еуро іріктеуінде алғашқы себетте болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазан күні Ньонда Еуропа Чемпионаты - 2018 алдын ала және негізгі іріктеу раундтарының жеребесі тасталады, деп хабарлады kazfootball.kz">kazfootball.kz .

Қазақстан құрамасы өз рейтингіне сәйкес, ойынды екінші, негізгі раундтан бастайды. Сонымен қатар, жеребе кезінде біздің команда Еуропаның үздік командаларымен бірге алғашқы себетті болады. Іріктеу туры келесі жылдың 3-12 сәуір күндері Алматыда басталады. Еуропа Чемпионатының ақтық сайысы 2018 жылы Словенияда өтеді. 

Негізгі раунд қатысушылары:

1 себет - Испания, Ресей, Италия, Португалия, Украина, Әзербайжан, Қазақстан

2 себет - Сербия, Хорватия, Чехия, Венгрия, Словакия, Нидерланды, Румыния

3 себет - Бельгия, Босния және Герцеговина, Финляндия, Македония, Беларусь, Польша, Түркия

4 себет - іріктеу раундының жеңімпаздары.

Соңғы жаңалықтар