Қазақстан ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетінің мүшесі болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Инвестициялар жөніндегі комитеті Қазақстанға өз құрамына мүше болуға ұсыныс жасау шешімін қабылдады.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлайын Хаиров Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасына жазды. 

«Жеңіс. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Инвестициялар жөніндегі комитеті Қазақстанның инвестициялық саясатының алдын ала Шолуын таныстырғаннан кейін Қазақстанды ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетіне мүшелікке шақыру және ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар жөніндегі Декларациясына қосылу туралы ЭЫДҰ Кеңесіне ұсыныс жасау шешімін қабылдады», - деп жазды Хаиров.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш Комитетке кіру жұмыстары 5 жылға жуық уақытты алды. «Үкімет Елбасының тапсырмасы бойынша елде инвестициялық климатты жақсарту бойынша қыруар еңбек атқарды», - деп атап өтті вице-министр.

1961 жылы құрылған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына 35 ел мүше. Олардың арасында Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония және Австралия бар. ЭЫДҰ-ға мүше-елдер үлесіне әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайызға жуығы тиесілі. 

Соңғы жаңалықтар