Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдердің толық тізімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар ақпарат құралдарында Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдердің саны 48 мемлекетке жетті деген ақпарат тарады. «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі Қазақстан үшін визасыз режим енгізген елдердің нақты санын анықтады.

Сонымен, 2016 жылдың 27 қыркүйегінде жасалған соңғы әрі нақты ақпаратқа сүйенсек,  Қазақстан осы уақытқа дейін 19 елмен визадан босату туралы екіжақты келісімге қол қойған.  Яғни, Қазақстанның азаматтары осы 19 елдің аумағына, ал, осы елдердің азаматтары Қазақстан аумағына белгілі бір мерзім ішінде визасыз қатынай алады. Ол елдердің тізімі мынау:

    1.Әзербайжан (30 тәулік);

    2.Армения (90 тәулік);

    3.Беларусь (90 тәулік);

    4.Грузия (90 тәулік);

    5.Қырғыз Республикасы (90 тәулік);

    6.Молдова (90 тәулік);

    7.Ресей (90 тәулік);

    8.Тәжікстан  (30 тәулік);

    9.Өзбекстан (30 тәулік);

    10.Украина (90 тәулік );        11.Сербия (30 тәулік);

    12.Түркия (30 тәулік);

    13.Аргентина (30 тәулік);

    14.Бразилия (бір жыл ішінде 30 тәулік);

    15.Куба (келісім әлі күшіне енген жоқ);

    16.Эквадор (180 күн ішінде 30 тәулік);

    17. Гонконг (арнайы мамандандырылған аймақ) (14 тәулік);

    18.Моңғолия ( 90 тәулік);

    19.Оңтүстік Корея (30 тәулік).

Ал біржақты келісімге сай, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 9 елде визасыз режим орнаған.  Ол мына мемдекеттер:

    1.Индонезия

    2.Македония

    3.Малайзия

    4.Намибия

    5.Сейшель аралдары

    6.Черногория

    7.Эквадор

    8.Филиппины

    9.Барбадос

Ал, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №483 қаулысына сәйкес, ілкі жоба ретінде, 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін біржақты келісім бойынша, 19 елдің азаматтары үшін Қазақстанға 15 күнтізбелік күн аясында визасыз режим орнатылған. Ол мемлекеттер:

    1.Австралия;

    2.Венгрия;

    3.Италия;

    4.Монако;

    5.Бельгия;

    6.Испания;

    7.Нидерланды;

    8.Норвегия;

    9.Швеция;

    10.Малайзия;        

    11.БАӘ;

    12.Сингапур;

    13.Британия;

    14.АҚШ;

    15.Германия;

    16.Финляндия;

    17.Франция;

    18.Швейцария;

    19.Жапония.

Сонымен қатар, еліміздің инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру үшін ҚР Сыртқы істер министрлігі шетел азаматтарының Қазақстанға сапарын жеңілдету үшін визалық режимді жеңілдету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді», - деп хабарланған Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестиция тарту үшін, қаржы саласына инвестиция тартудың жолдарын қарастыра отырып, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 35 ел, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Сингапур және Монако үшін 30 тәулік көлемінде визасыз режим енгізу жоспарланып отыр екен. Жоспардағы елдердің толық тізімі мынау:

    1.Америка Құрама Штаттары;

    2.Австралия одағы;

    3.Австрия Республикасы;

    4.Бельгия Королдігі;

    5.Біріккен Араб Әмірліктері;

    6.Германия Федеративтік  Республикасы;

    7.Грекия  Республикасы;

    8.Дания Королдігі;

    9.Жаңа Зеландия;

    10.Жапония;

    11.Израиль мемлекеті;

    12.Ирландия;

    13.Исландия;

    14.Испания Королдігі;

    15.Италия;

    16.Канада;

    17.Корея;

    18.Латвия;

    19.Люксембург;    

    20.Венгрия;

    21.Малайзия;

    22.Мексика Құрама Штаттары;

    23.Монако Князьдігі;

    24.Нидерланды Корольдігі;

    25.Норвегия;

    26.Польша;

    27.Португалия;

    28. Сингапур;

    29.Словакия Республикасы;

    30.Словения;

    31.Түркия;

    32.Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия біріккен королдігі;

    33.Финляндия;

    34.Франция;

    35.Чехия;

    36.Чили Республикасы;

    37.Швейцария;

    38.Швеция;

    39.Эстония.

«Қазір Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары осы тізімге Болгария, Кипр, Литва, Мальта және Румыния елдерін қосу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр», - деп нақтылады ИДМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар