Қазақстан Ауғанстанға көмек қолын созуды жалғастыра береді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгия астанасында Ауғанстан бойынша өтіп жатқан халықаралық конференцияда Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсетуін бұрынғы көлемде жалғастыратындығы туралы өз міндеттемелерін қуаттады, деп хабарлады Брюссельдегі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ауғанстан бойынша бүгінгі халықаралық конференцияның басты мәні - Ауғанстанға қаржылық, техникалық және әскери бағыттағы халықаралық қолдауды қуаттау және оны қамтамасыз ету. Сөз сөйлегендердің барлығы аталмыш елге көмектері жайлы мәлімдеп жатыр. 2020 жылға дейінгі кезеңде қаржылай көмектің жалпы көлемі 3 млрд. долларды құрауы мүмкін», - деді журналистерге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

«Осы уақытқа дейін Қазақстан Ауғанстанға 20 млн.-ға жуық доллар көлемінде гуманитарлық және техникалық көмек көрсетті», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.

Ерлан Ыдырысов бөлінген қаржы есебінен бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылғандығын, соның ішінде мектеп, аурухана, жолдар мен 4 көпір салынып, өзен арнасы қалпына келтірілген. Осылайша, ҚР Ауғанстанның инфрақұрылымдық дамуына ықпал етті.

«Әрине, біз азық-түлік, жанар-жағар май түріндегі гуманитарлық көмекті де көрсетіп жатырмыз», - деді ол.

Министр сондай-ақ, алдағы уақытта көрсетілетін гуманитарлық көмектің көлемі бұрынғы жылдармен бірдей болатынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар