ҚазАқпарат тілшісінің полиция туралы фотосуреттері Таразды көркейтпек

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ІІД «Полиция қоғам көзімен» атты кәсіби және әуесқой суреттер байқауының қорытындылады. Аталған байқауды өткізу бастамасын «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ұсынған.

7 қазанда Тараз көрме залында ашылған экспозицияда барлығы жүзге жуық еңбек қойылды.  

Бүгін Жамбыл облыстық ІІД акт залында байқаудың жабылуы мен фотобайқау жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фотобайқау облыс тұрғындары полицейлердің жұмыстарын жақсы білетінін көрсетті» , - деді Жамбыл облыстық ІІД басшысының орынбасары  Ержан Егембердиев.

Жамбыл облыстық ІІД басшысының орынбасары қазылар алқасы жұмыстардың көркемдік деңгейі, идея ерекшелігі, мазмұны, орындау техникасы мен сапасына қарай бағалағанын айтты.  

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі  Галина Скрипниктің еңбектері жоғары бағаланып, ол 1-ші дәрежелі  диплом мен сыйақыға ие болды.  Облыстық «Знамя труда» газетінің фототілшісі Виктор Барбаш екінші және облыстық «Ақ жол» газетінің фототілшісі  Ағаділ Рысмахан үшінші орынға ие болды. Оларға да сыйақы берілді.

Жамбыл облыстық ІІД аталған байқауды өткізуді игі дәстүрге айналдыруға ниетті.

null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар