«Қазақмыс» жыл басынан бері 164 мың тоннаға жуық мыс өндірді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» Коропорациясы» ЖШС биылғы жылдың 9 айында катодты эквивалентпен алғанда 163,8 мың тонна мыс өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2016 жылдың 9 айында «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС катодты эквивалентпен алғанда 163,8 мың тонны мыс өндірді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,4 мың тоннаға көп. Рудадағы мыстың мөлшері 0,95 пайызды құрады. Бұл жоспарланғандағыдан 9 пайызға артық»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

Компанияның ақпаратына сәйкес, есепті кезеңде «Қазақмыстың» байыту фабрикалары 22,1 тонна кен өндірді.

2016 жылы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС катодты баламалы 224,4 мың тонна мыс өндіруді жоспарлауда.

«Біз осы жылғы өндірістік бағдарламаны уақытылы және барынша сапалы іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Мамандар қазір 2017 жылға арналған өндірістік және инвестициялық бағдарламалар әзірлеуде. Келесі жылдың негізгі міндеті - еңбек жағдайын жақсарту, жазатайым оқиғалар санын азайту, геологиялық барлау жобаларын енгізу болып қала береді», - деді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Бақтияр Қырықпышев.

Қазақмыс - табиғи ресурстар өндіру және қайта өңдеу бойынша Қазақстандағы ірі мыс өндіретін жетекші компания. Құрамында - он бір кен орны, төрт тау-кен байыту фабрикасы, екі мыс қорыту зауыты, екі көмір разрезі бар.

2015 жылы жекеменшік кеннен катодты баламада 223 тонна мыс, 3040 келі құймалы алтын, 274 тонна аффинирленген күміс өндірілді.

null 

Соңғы жаңалықтар