Кайзер Маркус: Қазақстан ұлтаралық келісімнің үздік моделін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 жылда Қазақстанның табысты дамуында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың халықаралық форумында Қазақстан-Неміс университетінің президенті Кайзер Маркус мәлім етті.

«Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өзара бірлікте өмір сүріп жатқанын білесіздер. Еуропалық көзқарас тұрғысында айтатын болсақ, Қазақстан өткен 25 жылда табысты дамудың, ұлтаралық келісімнің үздік моделін көрсетті және осы жетістікте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі зор»,-деп К. Маркус.

Этносаралық келісімнің қазақстандық моделіне тоқталған ғалым, Қазақстан халы Ассамблеясының Төрағасы Н. Назарбаевтың алдыңғы қатарлы рөлін атап өтті.

Бұдан бөлек, ол Германияға қоныс аударып жатқан этникалық немістердің мәселесі жайында айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, көптеген этникалық немістер Қазақстаннан және өзге елдерден тарихи отаны Германияға оралды... Бізде этникалық немістер көші-қонының бірнеше толқыны болды, ең үлкен қоныс аудару 90-шы жылдары байқалды. Әрине, Германияда да елге оралғандарды қабылдауда кейбір проблемалар туындады. Немістер арасында өздерінің тарихи отанына оралуына байланысты қанағаттанбаушылық бар және олардың кейбірі өздері келген мемлекеттеріне қайтадан көшіп баруға ниет танытуда. Оралмандар Германияда ескі неміс тілінде сөйлейді немесе неміс тілін мүлдем білмейді»,-деді К. Маркус.

Соңғы жаңалықтар