Қашағандағы мұнай өндірісі әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қашағандағы мұнай өндірісі әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ активтерді басқару бөлімінің басшысы Айвар Байкенов хабарлады.

«Тұрып қалғаннан кейін алғаш рет іске қосу проблемасыз жүзеге асады деп ойлаймыз. Ал коммерциялық өндіріс желтоқсан айына қарай басталады. Бұл - қазірдің өзінде өте әлсіз болып тұрған мұнай нарығындағы жағдайға кері әсерін тигізу ықтималдылығы жоғары. Bank of America, Merrill Lynch сарапшылары осыны айтып отыр», - деді Айвар Байкенов.

«Казкоммерц Секьюритиз» сарапшылардың көбі кен орнындағы өндіріске күмәнданып отырғанын айтты.

«Келесі жылдың соңына қарай өндіріс тәулігіне 100 мың баррельге жетуі мүмкін. Басым бөлігі экспортқа жөнелтіледі. ҚазМұнайГазға тиесілі үлесі ғана ішкі нарыққа бағытталуы мүмкін. Елдегі өндіріс көлемінің азаюына байланысты қазіргі бағаға қарамастан, Қашаған кен орнын іске қосу қажет болып тұр», - деп болжады Айвар Байкенов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қашағандағы өндіріс қазан айында басталуы ықтимал екенін мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар