KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 31 тиынға арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа   сараланған бағамы 337,02 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 61 300   мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде   баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуроның орташа сараланған   бағамы бір еуроға 379,60 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 500 мың   еуроны құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша   мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық   жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2886 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 19 500 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,16 теңгені (-0,40) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 114 150 мың (+30 450 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,3861 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 204 600 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,4672 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 81 500 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 21 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар