Қармақшыда 1300 адамға жер телімі берілетін болды - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Жосалы кентіндегі жаңадан бой көтеретін шағынауданға 170 гектар жер бөлінген болатын. Ал биыл инженерлік инфрақұрылымдарды салуға ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 720 млн. теңге, облыстық бюджеттен 80 млн. теңге бөлінді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қармақшы аудандық әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

null

Жыл аяғына дейін бұл қаржыға 22 көшеге 33 шақырым жол төселіп, 24 шақырым телефон желісі мен 44 шақырым электр желісі тартылмақ және қосымша станса салынады. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жер теліміне деген сұранысы 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады. Бұл жерде Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі, 1 мектеп, 2 балабақша, және спорт алаңдары бой көтереді. 

null   

Айта кетейік, Жосалы кентінде 2006 жылдан бері ешқандай жер телімі берілмеген болатын. 

null  

Соңғы жаңалықтар