Қарағандылық прокурордың сайтандар туралы өлеңі мемқызметші әдебіне сай болуына тексеріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының прокуратурасы әріптестерінің сайтандар туралы өлеңіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізетін болады.

«Берік Мұратұлы Ахметжанов прокуратура органдарында еңбек еткен жылдар ішінде түрлі тақырыптарға өлеңдер шығарумен айналысып келеді. Оның шығармашылығы - жеке өмірі. Оның соңғы туындысы мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық стандарттарына қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтайтын боламыз», - деп жауап берді облыс прокуратурасында «ҚазАқпараттың» жолдаған сауалына.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде Қарағанды облысы Осакаров ауданының прокуроры Берік Ахметжановтың өзінің сайтандар туралы өлеңін мәнерлеп оқып жатқан бейнежазбасы пайда болды.

Өлеңді ол бір жыл бұрын жазған. Қазір оны әлеуметтік желіде достарының өтініші бойынша жариялаған. 

Соңғы жаңалықтар