Қарағандыдағы жол өткелінің опырылуына жауын мен жайылымдағы мал себепші болған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Архитектурный» жол өткелінің опырылған бөлігін жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары «Матан» мердігер фирмасы есебінен жүргізіледі.

«Біз ойық пайда болған жерлерге металл тіреуіштер қоямыз. Анығында, жол өткеліне түгел жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Бірақ оған ақша бөлінбей жатыр, - деді мердігерлер. - Жаңбыр мен еріген сулардан өткелдің бүлінуі мүмкін және мал жиі жайылатын өзен жағасындағы көпірдің үймесіне зақым келген».

Апатты жол өтпесіндегі жол қозғалысы қайта басталды. Тек ойылған бөлігі ғана жабық қалады. Онда жөндеу жұмыстары жүруде.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, 17 қыркүйек күні Қарағандыда «Архитектурный» жол өткелінде көлемі 5 шаршы метрді құрайтын аумақ опырылып түскен. Бұл жер көпірдің басталатын тұсынан 30 метр қашықтықта, ал өткелдің ұзындығы - 300 метр.

Бұрын да дәл осы жол өткелінде опырылу оқиғасы тіркелген еді. Үш жыл бұрын өткел күрделі жөндеуден өтті. Соңғы рет ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Соңғы жаңалықтар