Қарағандыдағы сауда үйінен ұрланған алтын бұйымдар табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды полициясы наурыз айында «Әлем» сауда үйіндегі дүңгіршектен ұрланған зергерлік алтын бұйымдардың бір бөлігін тәркіледі. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаладағы сауда үйлерінің біріндегі зергерлік алтын бұйымдардың ұрлануы бойынша істе жаңа мәліметтер пайда болды.

Ұсталғандардың бірі қылмыс жасағанын мойындады. Кейінірек полиция қызметкерлері заттай айғақты - 9 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражат пен күдікті өткізіп үлгермеген 6 келіге жуық алтын бұйымдарды тапты», - деді ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктінің түсініктемесін тексеруде. «ҚР ҚК 188 бабы, 4 бөлімі бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасуда», - деді баспасөз қызметі.

30 шілде күні ірі тонауға күдікті ретінде сауда үйінің 33 жастағы күзетшісі ұсталды. Ер адам іздеуде болған және төрт айдан бері полициядан жасырынған.

Еске сала кетсек, 28 наурыз күні кешкісін Қарағандыдағы «Әлем» сауда үйіндегі дүңгіршектерден зергерлік алтын бұйымдар ұрланды. Қаскөйлер 10 дүңгіршектің зергерлік бұйымдарын тонаған. Дабыл беру жүйесі өшірілген. Таңертең жұмысқа келген кәсіпкерлер сынған есікті көрген.

Қылмыс жасаудан аз уақыт бұрын жұмысқа тұрған күзетшіге күдік түсті.

Соңғы жаңалықтар