Қарағандыда су таратқышта болған апат салдарынан тұрғындар ауыз сусыз қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда су таратқыштағы ірі апат салдарынан Майқұдық ауданындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар ауыз сусыз қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат «Қарағанды Су» ЖШС-ға сілтеме жасап.

 «25 қазанда сағат  6.30  металл құрылымдары зауыты маңындағы №4 магистральды су таратқыш учаскесінде құбыр жарылып, апат болды.  Салдарынан Майқұдық ауданында сумен қамту тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінде 1300  жеке үй,  413 көпқабатты үй, екі аурухана, 4 балабақша, 7 мектеп сусыз қалғанын айтты. Қазір апатты жою шаралары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға су тасушылар жіберілді. Коммуналдық қызметкерлер бір тәулікте сумен қамту жүйесін қалпына келтіруге үміттенуде. Диаметрі 1200 мм құрайтын №4 магистральді су таратқыш 2012 жылы қолданысқа енгізілді. Оны «Қазақстандық оқшаулағыш құбыр зауыты» ЖШС салды. Су құбырының ұзындығы - 11,7 км.

Соңғы жаңалықтар