Қарағандыда сауда үйіне жарылғыш қойылды деп жалған хабар беруші ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда сауда үйінде жарылғыш қойылды деп жалған хабар берді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қарағандыда Қазыбек би аудандық соты Михайловский полиция бөлімі тергеушісінің Қазыбек би атындағы аудан прокурорымен келісілген ҚР ҚК 273 бабында қарастырылған қылмысқа (терроризм туралы жалған ақпарат тарату) қатысты күдіктіні қамауға алу туралы өтінішін мақұлдады. Оны 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді», - делінген аудандық соттың баспасөз хабарламасында.

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам 10 қазанда сауда орталығында жарылғыш зат қойылды деген хабар берген. Күдікті келесі күні қолға түсті.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұрын осы сот жазда жалған терроризм қылмысына қатысы бар күдіктіні 1 жыл 6 айға бостандығынан айырған. Ол жалпы режимдегі түрмеде жазасын өтейді. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы сауда орталығында жарылғыш бар деп 2016 жылы 7 маусымда жалған хабар берген.

ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша жаза күшейтілді. Осы бап бойынша айыпты деп танылғандар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар