Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілері жолға шығудан бас тартты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 22-қыркүйегі күні «№3 автобус паркі» ЖШС әкімшілігі мен автобус жүргізушілерінің және кондукторлардың арасында болған даудың салдарынан №53 «Автостанция Оңтүстік-Шығыс-Горняк» және №43 «30 мөлтек аудан - автостанция 14 мөлтек аудан» қалаішілік бағыттардың жүру кестесі бұзылды.

Аталған бағыттар бойынша, 20 көлік жолға шықпай қалды, деп хабарланды Қарағанды облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының басқармасынан.

Облыс пен Қарағанды қаласының басшылығы автопарк әкімшілігімен жүргізушілер арасында пайда болған дауға байланысты шұғыл шаралар қабылдады.

Осы уақытта мәселе шешіліп, жағдай тұрақтанды. Автобустар қызметіне кірісіп, кесте бойынша қозғалыс қайта жанданды.

Соңғы жаңалықтар