Қарағандыда Қазақтелеком абоненттері техникалық ақау салдарынан интернетсіз қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 20 қазанға қараған түні «Қазақтелеком» АҚ күтпеген жерден интернетті сөндірді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қызмет көрсету қарызға байланысты тоқтатылды», - деген  хабарламаны абоненттер компьютерлерінің экранынан көрді.

Анықталғандай, қарыздың еш қатысы жоқ болып шықты, интернет техникалық ақау салдарынан сөндірілген.

«Бағдарламада іркіліс пайда болды. Күндіз автоинформаторды іске қостық (қызмет ақысын төлеу қажеттігі туралы). Барлық абоненттер сөндірілді. Серверде не болғанын білмеймін. Проблема жойылды. Барлығын қостық, жұмыс істейтін болады. Кешірім өтінеміз», - деп түсіндірді Тұтынушыларды қолдау операторы (бірыңғай нөмір 160).

Жағдай әлеуметтік желілерде талқылануда. Әзірге компаниядан ресми түсінік берілмеді.

Еске салсақ, «Қазақтелеком» АҚ қызметін төлеу осы айдың 25-іне дейінгі мерзімде жүргізіледі. 

null  

Соңғы жаңалықтар