Қарағандыда қаңғыбас ата-аналар нәрестесінен айырылып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда тәртіп сақшылары қараусыз қалған саяжайда тұратын қаңғыбас ата-аналардан туғанына 17 күн болған нәрестені алып қойды.

«Мен кезекшілікте болдым. Жаңа Майқұдық аумағындағы Октябрь ауданында орналасқан саяжайда мас жұптың жанында жас нәресте жатқаны туралы хабарлама түсті. Өтіп бара жатқан адамдардың бірі маған қоңырау шалып, нәрестенің тоқтаусыз жылап жатқанын және оған суық тиіп қалуы мүмкін екенін айтты», деді кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор Медет Кенбаев.

Полицей оқиға орнына жетіп, ақпараттың жалған емес екеніне көзі жетті.

«Жағдай адам шошырлық, вагонның іші суық, өте лас. Қаңғыбас ата-аналар мас күйінде ұйықтап жатыр. Әйелдің жасы 29-да, ер адамның жасы - 50-де», - деп түсіндірді инспектор.

Ол баланы өзімен алып кетіп, «Шапағат» балабақшасына жеткізді. Тиісті орган тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша маскүнемдерді ата-ана құқығынан айыру шешімін шығарады.


null null 

Соңғы жаңалықтар