Қарағандыда итіне бола адам өлтірген қылмыскердің соты өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ел естімеген қылмысты қарады. Сотталушы Р. есімді азамат бірге спирттік ішімдік ішкен жолдасын итіне пышақ тигізгені үшін о дүниеге аттандырған.

Р. есімді азамат пен Т. есімді азамат арақ ішіп отырып, масайғанда, Т.есімді азамат дастархандасының итін пышақтап тастаған екен. Иттің иесі бола бұған қатты ашуланып, Т. есімді азаматтың мойны мен арқасын өткір затпен ұра берген. Төбелес салдарынан Т есімді азамат тіл тартпай қаза табады. Ол - Ресей Федерациясының азаматы болған.

Ал, Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі маманданырылған ауданаралық соты анықтағандай, Р. есімді адам өз әйелін өлтіргені үшін сотталып, 2006 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Ал, енді ит үшін адам өлтіріп тағы 14 жылға сотталып отыр. Судья оны қатаң режимдегі түзеу колониясына қамау туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар