Қарағандыда физика пәнінің мұғалімі екі жылға сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық соты физика пәнінің мұғалімі Юрий Пакты жалған лаңкестікпен айыптаған атышулы іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

null
«Ю.Пак ҚР ҚК 273 бабы (Террористік акт туралы көріне жалған хабарлау) бойынша айыпты деп танылсын және жалпы режимдегі түзету мекемесінде екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді Қазыбек би аудандық сотының судьясы Алия Жошева.

null

Ол сотталушының сот залында тұтқындалатынын хабарлады. Сонымен бірге, сот материалдық шығын ретінде Ю.Пактан облыстық ТЖД мен жедел жәрдем қызметі пайдасына 60 мың теңге өндіріп алды.

Сондай-ақ, сараптама өткізуге жұмсалған сот-процессуалды шығын ретінде мемлекет пайдасына 192 мың теңге өндірілді.

null

Мұғалімді қолдауға келген халық сот залына сыймады. Бұл мұғалімнің достары, таныстары, бұрынғы оқушылары еді.

Сот процесі кезінде Ю.Пак өзінің кінәсіз екенін айтумен болды. Үкім шығар алдында Ю.Пактың анасының ауыр науқастан көз жұмғаны белгілі болды. Айыпкерді қолдауға келген халық үкім шығарылған соң, көз жасын тыя алмады.

null  

Соңғы жаңалықтар