Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі құс ұшар биіктен түсірілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Еңбек күні қарсаңында ашық аспан астында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жағалаудағы орталық мәдениет және демалыс саябағында жұмыс орнын ұсынған стендтер орналастырылды, жұмыс берушілер шақырылды. Шатырларда Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша  кеңес берілді. Өткен-кеткен адамдарға жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері жайлы ақпараттық жадынамалар үлестірілді.

Ұйымдастырушылар квадрокоптерден видеотүсірілімге тапсырыс берді.

null  

Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сәйкес стендтерде қаланың 189 кәсіпорны мен ұйымдарынан 1000-ға жуық бос орын ұсынылды. Жәрмеңкеге 60-қа жуық жұмыс беруші қатысты. Оның ішінде инженерлер, дәрігерлер, ұстаздар қажет. Ең көп сұраныс - электр газ дәнекерлеруші, электр жөндеуші, ұста, жонушы, автокран машинисі және т.б. бар, мәдени мекеме хормейстер іздеуде.

 «Жәрмеңкеге 816 адам келді, олардың 84-і жұмысқа орналасуға жолдама алды. 289-ы түйіндеме қалдырды. 116-сы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша кеңес алды», - деген қорытынды шығарды орталық.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес шартты түрде сотталған, бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан 23 адам жұмысқа жолдама алды.

null  

Соңғы жаңалықтар