Қарағанды жұрты Ленин шахтасында қаза болған кеншілерді еске алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинск қаласында осыдан он жыл бұрын Ленин атындағы шахтада болған жарылыстан қаза болған 41 кеншіні еске алуға арналған митинг-реквием өтті.

«Бұл митинг - Ленин атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді еске алуға арналған. 41 адамның өмірін жалмаған жарылыстан кейін он жыл өтті. Біз кеншілерімізді ұмытпаймыз, әрқайсысын жеке танимыз және оларды қайғыра еске аламыз», - деді Шахтинск әкімі Сержан Аймақов.

Еске салайық, 2006 жылы 20 қыркүйекте Ленин атындағы шахтада жарылыс болып, салдарынан 41 адам көз жұмды, тағы 12-сі түрлі жарақаттар алды. Апат Қарағандының ең ірі көмір бассейндерінің бірінде болды. Оқиғаға тексеріс жүргізген үкіметтік комиссия апаттың себебі техникалық және ұйымдастырушылық талаптардың бұзылуынан болды деп ұйғарды.

Қаралы жағдай өңірде шахтерлердің жаппай көтерілуіне алып келді. Ереуілге шыққан жұмысшылар еңбекақыларының жоғарылауына қол жеткізді. Кейінірек, құны 46 миллион АҚШ доллары болатын кеншілер еңбегі  қауіпсіздігі бағдарламасы қабылданды.  

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар