Қарағанды полициясы жас қызға қатысты азғындық туралы істі қарауда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмаған қызға қатысты азғындық әрекеттер жасаған педофил іздестірілуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарағанды Октябрь ауданының тұрғыны полицияға оның кәмелеттік жасқа толмаған қызына белгісіз біреу азғындық әрекет жасағаны туралы шағыммен жүгінді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері күдіктіні іздеуде.

Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімге бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Сонымен қатар, облыстың ІІД баспасөз қызметі басқа қызды зорлады деген әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствода БАҚ-ты немесе ақпараттық-коммуникациялық желіні пайдаланып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар