Қарағанды өңіріндегі шенеунік Ninety Оne тобына қарсыларды қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Мирас Құттыбай Ninety Оne тобының концертін болдырмауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағандыда концерт олардың дер уақытында келісімшартқа (концерт өткізу туралы) қол қоймауларына байланысты өтпей қалды. Ұйымдастырушылардың өздері кінәлі. Егер уақытында қол қойғанда концерт өтер еді. Дегенмен, қалай десек те біз қандай да бір шектеу қоюымыз керек. Өйткені, бұлай киінуге болмайды. Батырларымыздың құлаққа сырға таққанын қашан көріп едік? Бұл дұрыс емес қой», - деді ол «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін» акциясының басталуына арналған брифинг барысында.

Сонымен қатар ол аталған топтың әсіресе жанкүйерлерін түсінбейтіндігін де атап өтті.

«Қолдаймын (Ninety Оne тобы концертін өткізушілерге наразылық танытушылардың хатын редактор ескертуі)», - деді Құттыбай.

Айта кетейік, бұған дейін қазанның 18-19 күндері Қарағанды мен Жезқазғанда жоспарланған Ninety Оne тобының концерті болмайтындығы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар