Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Әбдішев мемлекетке зиян келтірген жоқ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қалалық мәдениет, демалыс саябақтары, скверлері басқармасының сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған облыстың бұрынғы әкімі және оның екі сыбайласынан шығынның орнын толтыру туралы азаматтық талапарызы орындалмады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты Қарағанды қаласы мәдениет, демалыс саябақтары, скверлері басқармасы» КМК-ның 3 636 000 теңге өндіріп алу туралы Б.Т. Әбдішевке, М.Е. Адамбековке, А.Г. Жәкеновке талапарызы бойынша азаматтық іс қаралды. Толық көлемде талапарыз  қанағаттандырудан бас тартылды», - деп хабарлады аудандық сот баспасөз қызметінен.

Төрағалық етуші судья жауапкердің қолдаухаты бойынша талқылау барысында  сот-тауартанушылық сараптама тағайындады. «Сараптама нәтижесі бойынша мемлекетке шығын келтірілгені белгіленген жоқ», - деп атап өтті аудандық сотта.

Арыз берушінің нұсқасы бойынша, мемлекетке  «ЕуростандартҚарағанды»  ЖШС жеткізушілері аяқжол плитасына бағаны негізсіз көтеру арқылы материалдық шығын келтірген. Қылмыстық істе Б. Әбдішевке қырлы кеспе тастар өндіретін зауыт оған тиесілі болған деген айып тағылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Апелляциялық сатыда шағымдануға, наразылық білдіруге болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Б. Әбдішев маусым басында шартты мерзімге босатылғаны хабарланған. Бұл ретте сот 1 жыл 4 ай 4 күн өтелмеген мерзіміне пробациялық бақылау белгілеген.

null 

Соңғы жаңалықтар