Қарағанды облысының әкімі қарттар үйіне синтезатор сыйлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарттар күніне орай, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесінде болды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл мереке - үлкендерге құрмет қана емес. Бұл әрқайсымызға жақындарымыз бен туыстарымызға мейірім, қамқорлық үшін алғыс айтуға мүмкіндік береді. Біз сіздерге шексіз қарыздармыз, ал сіздердің өмірлеріңізге жылулық сыйлау біздің қолымызда», - деп өңір басшысы қарттарды құттықтады.

Облыс әкімі қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін «Ямаха» синтезаторын тарту етті. Мекеме басшылығының айтуынша, мұнда шығармашылық және би кештері жиі болып тұрады.

Қарағанды қаласындағы №2 медициналық-әлеуметтік мекемесі ардагерлерге, мүгедектерге, зейнеткерлер мен күтімді қажет ететін жандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мұнда жылына 700-ге жуық адам қабылданады. 

null 

Соңғы жаңалықтар