Қарағанды облысындағы жол апатында 28 жастағы полиция сержанты қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының трассасында аударылған Toyota Land Cruiser автомобилінде полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат 25 қыркүйекте Ұлытау ауданында орын алды.

«Алдын ала болжам бойынша, 26 жастағы Toyota Land Cruiser автомобилінің жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай жыраға аударылды. Салдарынан 28 жастағы жолаушы,  полиция сержанты алынған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Оның сөзіне қарағанда, полицей азаматтық формада болған.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал ҚР ҚК 345 бабы 3 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп қосты Б. Құдияров.

Соңғы жаңалықтар