Қарағанды облысында фермерлердің мал саны есептелетін болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазан айында Қарағанды облысында «Малды санау» жедел-алдын алу шарасын өткізу жоспарланды. Бұл туралы өңірлік ІІД жергілікті полиция қызметі хабарлады.

«1 және 31 қазан аралығында Қарағанды облысында жергілікті полиция қызметінің бастамасымен  «Малды санау» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі. Мақсаты - мал ұрлығымен байланысты қылмыстардың алдын алу. Полиция қызметкерлерімен бірге  жедел-алдын алу шарасына жергілікті атқарушы орган және  ветеринарлық қызмет өкілдері қатысады», - делінген хабарламада.

Шаруа және фермерлік шаруашылықтарда, үйлердің қораларында мал саны есептелетіні аталып өтілді. Мал ұрлығы үшін сотталған азаматтар тексеріледі.  Сонымен қатар, қылмыскерлер мен жергілікті тұрғылықты орынсыз тұлғаларды іздеу үшін қыстақтарды тексеру көзделген. 

Соңғы жаңалықтар