Қарағанды облысында елдегі ең ірі күн электр стансасы салынбақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында шетелдік инвесторлар қуаты 100 мегаватм күн электр стансасын салуды жоспарлауда.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі шаһар басшысы Анатолий Шкарупаға сілтеме жасап хабарлады.

«Жасыл» энергетика саласында Саран қаласында Чехия, Словакия және Германияның халықаралық инвестициялық тобы баламалы энергия көзі - қуаты 100 мегаватт күн электр стансасын салу бойынша жобаны бастады. Аталмын нысанның іске қосылуы өңірге қосымша энергия көзін алуға және 140 млн. еуродан астам тікелей шетелдік инвестицияны тартуға мүмкіндік береді», - деді А.Шкарупа өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, жоба іске асқан жағдайда ол Қазақстандағы ең ірі күн электр стансасы болады.

«Инвесторлар құрылыс алаңына жақын уақытта келеді деп ойлаймыз. Жер бөлінді және ол үшін жалға алу құнын төлей бастады», - деп қосты әкім.

Жоба мемлекеттік қолдауға ие болатыны күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар