Қарағанды мектебіндегі пышақпен жарақаттану бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 8-сынып оқушысының жарақаттануы бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бүгін Қарағандыдағы № 34 мектепте оқушылардың бірінің ұялы телефонының ұрлануы бойынша профилактикалық шаралар өткізілді. Профилактикалық әңгімеге 7,8 сыныптардың үш оқушысының ата-анасы шақыртылды.  Оқушының бірінің анасымен бірге мектепке оның студент ағасы келген», - деді Қарағанды білім бөлімінде.

Профилактикалық әңгіме аяқталды. Ал  студент дәретхана бөлмесінде 8-сынып оқушыларымен әңгімесін жалғастырды. Дау туып, оқушының аяғы жарақаттанды.

 «Мектеп әкімшілігі жедел жәрдем мен полиция шақыртты. Аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды білім бөлімінде.

Облыстық басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, 27 қазанда сағат 12.20-да «жедел жәрдем» Қарағандының № 1 ауруханасына 13 жастағы оқушысы жеткізілді. Ол пышақпен жарақаттанған. Оған дереу ота жасады. Қазір жан сақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр, алайда тұрақты.

Аталған факт бойынша полицейлер ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.  

16 жастағы жеткіншек ұсталды, ол кінәсын мойындады. 

Соңғы жаңалықтар