Қаңтар-шілдеде қазақстандықтардың нақты табысы 9,9 пайызға кеміді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қаңтар-шілде аралығында халықтың нақты ақшалай табыстары 9,9 пайызға кеміді. ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай деді.

«2016 жылдың шілде айындағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72 139 теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың шілдесінен 6,1 пайызға жоғары. Аталған кезеңде нақты ақшалай табыс 9,9 пайызға кеміді», - делінген ресми жауапта.

Айға бөлгендегі халықтың жан басына шаққандағы табысы 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендегідей болды: қаңтарда 98,9, ақпанда 98,4, наурызда 97,9, сәуірде 91,7, мамырда 90,5, маусымда 89,3, шілдеде 90,1 пайыз.

Бұған қоса, 2016 жылдың 1 тоқсанында республика бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы нақты табысының аралық шамаға қатысы 3,1-ді құрады. Бұл көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында барынша жоғары болды - 6,9. Ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында - 2,3.

Соңғы жаңалықтар