Қаңғыбас ит актер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең бақытсыз ит Фрейя атты стаффордшире бультерьері «Трансформерлер 5: Соңғы сері» атты фильмге түсті. Бұл туралы RT агенттігі хабарлады.

Paramount Pictures студиясы YouTube желісінде түсірілім алаңынан жасалған бейнероликпен бөлісті. Осы жылдың мамыр айында жалғызбасты ит туралы британ басылымдарынан оқыған режиссёр Майкл Бэй Фреяны өзінің фильміне шақырған. Фрея 6 жыл бойы қаңғыбас жануарларға арналған орталықты паналаған, осы аралықта иттің иелері болғандар талма ауруы үшін одан 18 мың рет бас тартқан.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын ұлыбританиялық ерлі-зайыпты қарттар Фреяны өздеріне алып, баспана берді, деп жазады 24.kz.

 

Соңғы жаңалықтар