Италияда тербелісі 5,4 жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Италияда тербелісі 5,4 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жерасты дүмпулері Мачерата провинциясының шекарасындағы Умбрия мен Марке өңірлерінде болды. Жер сілкінісі Италиян геофизика институтының хабарлауынша, 9 шақырым тереңдікте өткен. Сонымен қатар қатты дүмпулер Римде де сезілген. Әзірге зардап шеккендер мен қирауға қатысты ақпарат жария етілген жоқ.

Табиғат апатынан зардап шеккен жергілікті шағын елдімекен тұрғындарының айтуынша келтірілген шығын көлемі жарықтың болмауы себепті анықталмай жатыр.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт сағат 19:10-де болған. 

Соңғы жаңалықтар